Қош келдіңіз
Сайтқа кіру

Білім берудегі инновация

Featured video
Жариялаған usrciso in Педагогикалық ринг
3,848 рет қаралды

Thanks! Share it with your friends!

URL

You disliked this video. Thanks for the feedback!

URL


Пікір жазу

Пікірлер

  • Ележанова Жанар Атырау қаласы Еркінқала орта мектебі Жазылды: Құрметті Нұрлы Нығметқызы! Сіздің "Педагогикалық ринг" бағдарламасына берген сұхбаттыңызды тыңдап, өз тәжірибеме көп нәрсе алдым. Бұл - Сіздің білім саласындағы жемісті еңбегіңіздің нәтижесі. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін білім беру

    ұйымдары басшыларының алғашқы легінің тыңдаушысы болып, білікті басшы ретінде өз мектебіңіздің дамуына ғана емес, өз тәжірибеңізді республика көлемінде үлесіңізді қосып отырсыз.Сіздің мектебіңізде Орал қаласында курстан өткен 50 мектеп басшыларының тыңдаушылары семинарға қатыса отырып ,сіздің ұжымыңыздағы жасалып жатқан жүйелі жұмыстың куәгері болған едік. Сұхбатыңызға рахмет. Сізге шығармашылық табыс тілеймін
  • Молдабекова Жазира, маңғыстау обл. Түпқараған ауданы, № 1 мектеп-лицей Жазылды: Құрметті әріптес! Сіздің сұхбатыңызды тыңдап менде көп ой туындады. Қазақстандық мектептің дамуына және оның қалай даму керектігіне жақсы тоқталып өттіңіз. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне көмегі көп болары анық. Сұхбатыңызға рахмет.
  • Адилгазинова Гульмира Жазылды: Нұрлы апай "Педагогикалық ринг" атты бағдарламасының тұсаукесеріне қатысып, өз ойыңызды ашық, өте түсінікті жеткіздіңіз. Осы берген сұхбатыңыз көпшілік ұстаз қауымына көмегін тигізеді деп ойлаймын. Жұмысыңызға жеміс тілеймін!
  • Алтын Жұмағалиева Жазылды: Құрметті, Нұрлы НығметқызыІ Сіздің "Педагогикалық ринг" бағдарламасына берген сұхбатыңызда бүгінгі күні білім саласында енгізіліп отырған жаңа үрдістер мен педагогикалық озық үдерістерге нақты дәлелдер арқылы тоқталып отырсыз. Білімнің әлем кеңістігіне еркін шығу үшін бүгінгі күннің ұстаздарының құзыреттілігі мен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатынан туындайтын мектептің даму жоспары қандай болу қажеттігін жақсы айттыңыз. Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі-мектеп басшысының өзін-өзі дамытуы бағытындағы жұмысыңызбен бөлісіп, әріптестеріңізге пайдалы пікірлер бердіңіз. Болашақтағы жұмыстарыңыз нәтижелі болсын және Мінсіз Мектеп қатарынан көрінулеріңізге тілектеспін.
  • Асылбекова Зейнегуль Атабекқызы Жазылды: "Педагогикалық ринг" бағдарламасындағы берген сұхбатыңыз жаңа тұрпаттағы мұғалімнің іс-әрекеті деп есептеймін. Қаралған мәселе нақты жауаптармен дәлелденіп отыр. Нұрлы, осы бейнекөрсетілім көп мұғалімдерге өзгеріс енгізуге ой тастар деген ойдамын... Ең бастысы айтылған мәселенені мұғалім жүрегімен сезінсе... Үлкен рахмет, менің де әріптестерім көріп, алғыстарын айтуда...
  • Бигазиева Райхан. Орал қаласы №43 ожббм Жазылды: Құрметті Нұрлы Нығметовна ! Сіздің "Педагогикалық ринг" бағдарламасына берген сұхбатыңыз да оқу -тәрбие үдерісіне енгізіліп жатырған өзгерістер және педагогикалық үдерістегі жаңалықтардың маңыздылығына толықтай тоқталып өттіңіз.Бүгінгі таңда барлық мектептер дамып, өзгерістерді қабылдап, алға жылжып отыру керек.Мектептің дамуы, өзгеріс енгізудің өзі- заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Сұхбатыңызда біліктілік , деңгейлік курстардың маңызы мен идеясына тоқталып, ең өзекті 21- ғасыр мектебі қандай болу керек?, мұғалімдердің кәсіби дамуы, өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделе алатын КӨШБАСШЫ тұлға дайындау үшін жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарда тиімді пайдалану жолдары туралы жақсы ой айтып ,кең ауқымда сұхбат беруіңіз мұғалімдер үшін өте құнды дүние деп есептеймін. Сізге және мектебіңіздегі өзгеріс енгізу тобына қоғамдық нәтиже, ТАБЫСТЫ МЕКТЕП болуыңызға тілектеспіз.
  • Кобланова Кенжегул,Маңғыстау обл,Мұнайлы ауд.№7 о/м Жазылды: Құрметті Нұрлы Нығметқызы! "Педагогикалық   ринг" бағдарламасында берген сұхбатыңыздағы бүгінгі күндегі білім жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістердің құндылықтарының маңызды екендігін нақты айттыңыз.Сіздің сұхбатыңызды ұжымдастарыма көрсетемін.Жұмысыңызға табыс тілеймін.
  • Мухамедьярова Калия, Маңғыстау обл Жазылды: Құрметті Нұрлы Нығметқызы білім саласындағы атқарылып жатырған өзгерістерді жүйелі түрде, қарапайым тілмен ұғынықты етіп жауап бердіңіз. "Педагогикалық ринг" бағдарламасына берген сұхбатыңыз барша қазақстандық мұғалімдерге берген көмегіңіз деп білемін. Бұл сұхбатыңызды міндетті түрде ұжымдастарыма тыңдатамын деп есептедім. Үлкен рахмет, жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.
  • Ахметжанов Казыбек Жазылды: Нұрлы Нығметқызы білім саласындағы заман талабына сай қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыс ретінде жаңа бағыттағы көшбасшылық жұмысы атқарылуын жақсы айттыңыз. Мектептің жан-жақты дамуы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мұғалімдердің құзіреттілігі, білім мазмұны, сындарлы оқыту даму жоспарының іске асырылу стартегиялары ретінде жақсы айтып кеттіңіз. Маған эвалюация ұғымына нақты тоқталғаныңыз қатты ұнады. Ұстазымыз айтқандай мектебіңіз МІНСІЗ МЕКТЕП болуына шын жүректен тілектеспін.
  • Мукашева Бейбитгуль, Қарағанды Жазылды: Нұрлы біздің топтан бірінші болып "Педагогикалық рингте" өте құнды пікірлер айтып, іс-тәжірибеңмен, бағдарламаның мазмұнымен бөліскеніңе қуаныштымын. Топта қандай белсенді болсаң, іс жүзінде де дәлелдеп жатырсың. Көптен көрмесем де, қасымда отырғандай сезіндім. Істеп жатқан қызметіңе, ұжымыңа табыс, сәттілік тілеймін.